Иммунды фагоцитоз

Иммунды фагоцитоз феномені фагоциттердің иммундық комплекстерінің құрамына кіретін антигендердің қорытылуына негізделген. Бұл жағдайда антигендер молекула, немесе молекулалардың қосынды түрінде, бүтін жасушалар, немесе олардың бөлшектері түрінде болуы мүмкін. Иммунды фагоцитоз өтуі үшін иммундыглобулиндер және комплемент бірге, не жеке қатынасуы керек.

Фагоциттердің сырт қабығындағы иммундыглобулин мен комплементті «танитын» рецепторлар фагоциттердің иммунды комплексті бекітуіне жауапты болады. Сонымен, фагоциттер антигендерді организмнен тыс шығаруға және гомеостазды қалпына келтіру процесіне қатынасады.

10.3. Жасуша жанама түріндегі киллинг

Иммундық жүйенің бөгде жасушаларды жоятын комплементтен тәуелсіз тәсілі бар. Иммунды жауаптың бұл түрі тікелей киллер-жасушалармен атқарылады және жасуша жанама түрдегі киллинг деп аталады. Киллингті белсендірілген фагоциттер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер және тағы басқа жасушалар атқарады. Киллерлік жасушалар организмді тазартып, оны бөгде, өзгерген және ауруға соқтыққан жасушалардан арылтады.

Жасуша-жанамалы киллингтің механизімі жан-жақты. Киллерлер токсикалық және цитолитикалық әсері бар бірталай биобелсенді заттарды бөліп шығарады, жасуша мембранасын зақымдайды, не апоптозды үдетеді. Киллерлер әрекетін қашықтықтан, немесе тікелей қатынас арқылы өткізеді. Киллердің нысанасы: қатерлі ісікке айналған жасушалар, вирустар жұққан, не мутантты жасушалар, саңрауқұлақтар, қарапайымдар, гельминттер және кейбір бактериялар.

Киллерлердің нысана–жасушаның бөгделігін анықтау механизімі олардың антигенбайланыстырушы рецепторларымен байланысты. Жасуша-жанамалы киллингтің цитотоксикалығының екі түрі бар: антиденетәуелді және антиденетәуелсіз.

10.3.1. Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалық

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалығы иммундыкомпетентті жасушалардың мембранасындағы иммундыглобулиннің Fc- бөлігіне қарсы рецепторларына сүйеніп өтеді. Ол рецепторлар сатылы қүбылыстан кейін, ақыры иммунды комплекспен байланысады. Антиденетәуелді жасуша–жанамалы цитотоксикалықты белсендірілген макрофагтар, эозинофилдер және табиғи киллерлер қамтамасыз етеді. Белсендірілген макрофагтар процесті өткзуі үшін оған химиялық заттар шығарылып, табиғи киллерлердің демеуі керек. Эозинофилдер гельминттерге цитотоксикалық әсер еткенде ғана қатынасады.

10.3.2. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалық.

Процесс иммндыглобулиндер молекуласының қатынасуынсыз өтеді. Процесті бастайтындар «өздігін танитын» рецепторлары бар лимфоидтық жасушалар. Мысалы, Т-хелперлер, Т-киллерлер, CD16, CD56 табиғи киллерлер. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың тікелей және жанама әсер ету механизімі бар. Тікелей механизімінде бір жасуша түрі барлық істің түрін атқарады. Нысана-жасушаның киллингі өтуінің бірнеше сатысы бар.

1. Тығыз байланысқа түсу. Т-киллер нысана-жасушаның бетіне шоғырланып тығыз байланысқа түседі.

2. Т-киллердің белсендірілуі. Т-киллер жасушаның бөгделігін дәлелдегеннен кейін белсендіріліп химиялық токсикалық заттарды шығарады.

3. Токсикалық заттардың экзоцитозы. Токсикалық заттар екі жасуша қосылған аралыққа экзоцитоз арқылы сіңеді.

4. Токсикалық әсер. Заттар бөгде жасушаның қабығын ыдыратып, цитоплазмасына еніп жасушаны апоптозға душар етеді.

Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитоксикалықты өткізетін жасушалар: Т-хелперлер, Т-киллерлер CD16, CD56 табиғи киллерлер апоптозды индукциялау арқылы нәтижелі іс атқарады.

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың жанама түріне макрофаг қатынасады.

10.4. Гиперсезімталдық реакциялары

Кейбір жағдайларда антиген организге еңген кезде иммунологиялық толеранттыққа керісінше, патологиялық процестарге ұқсас сипаты бар, қалыпты жағдайда кездеспейтін гиперсезімталдық реакция пайда болуына себепкер болады. Пайда болу негзінде табиғи өзгерістер жатқан бұл әдеттен тыс жауап аллергия (грек тілінен- allos- басқаша, өзгеше және ergon- қыймыл) деген атқа ие болды. Аллергия процестерін ілімнің жеке тарабы – аллергология зерттейді. Жоғарыда айтылғанға сәйкес аллергия тудыратын антигендер аллергендер деп аталды.

«Аллергия» деген түсінікті тәжірибеге алғаш рет кіргізген француз ғалымы К Пирке болатын (1906). Ол аллергияны антигеннің кайталап еңгеніне байланысты организмнің өзгерген жауабы деп түсініп оның қатарына гипер- және гипосезімталдықты жатқызған.

Қазіргі заманның түсінігі бойынша аллергия дегеніміз макроорганизмнің антигенмен (аллергенмен) қайталап кездесуінің нәтижесінде пайда болған калыптан тыс спецификалық иммундық жауап(10.2-кесте).

Кесте 10.2.

ЖГС пен БГС –тың қасиеттері (Кук бойынша, 1947ж.)

Көресеткіш ЖГС БГС
Жауаптың даму уақыты 20-30 мин. төмен 6-8 сағаттан артық
Индукциялау факторы Антидене Т-лимфоциттер
  Сау ағзаға тасымалдаушы Енжарлы(антиденелермен) және адоптивті (иммундыкомпетентті жасушалармен)   Адоптивті (иммундыкомпетентті жасушалармен)
Десенсибилизация Мүмкін Мүмкіншілік жоқ

Макроорганизмде аллергиялық процесс құрылу үшін ол аллергенмен ертерек кездесіп, сол аллергенге сенсибилизациялануы, немесе аллергизациялануы керек. Аллергеннің сенсибилизациялау өлшемі өте шамалы (мысалы, теңіз шошқасын сенсибилизациялау үшін жылқының сарсуының 0,000001 мл. керек), Ол өлшем сенсибилизациялау өлшемі делінеді. Белгілі уақыт өткеннен кейін аллергенді қайталап еңгізсе аллергиялық жауап туады. Аллергеннің аллергия туғызатын өлшемін- шешуші өлшем дейді.

Аллергиялық жауаптың пайда болуы механизімінде үш саты анықталған: иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық.. Иммунологиялық сатынынң барысында аллергенге қарсы сезімтал жасушалар, спецификалық антиденелер және де иммундық комплекстер құрылады. Патохимиялық сатыда аллергиялық жауаптың механизімінде негізгі рөл атқаратын қабынудың медиаторлары, биологиялық белсенді аминдер құрылады. Патофизиологиялық сатының барсында аллергиялық жауаптың клиникалық көрнісі пайда болады. Аллергияның клиникалық көрнісінің түрі көп (10.3-кесте).

Кесте 10.3.

Аллергиялық реакциялардың патогензіне негізделген классификациясы

(Джелл және Кумбс бойынша, 1968).

Реакцияның түрі Патогенез факторы Патогенез механизімі Клиникалық мысалдар
  1. анафилатикалық (ЖГС)   IgE, IgG4 IgE(G4)-FcR-нің тін базофилдары-мен және базо-филдармен рецепторлық комплекс құруы— Аллерген эпитобының рецептор-лық комплекспен өзара қатынасуы--- Тін базофилдарымен бафзофилдардың белсендірілуі---- Қабыну медиаторларымен басқа -дай белсенді заттардың босаным шығуы   Анафилаксия, Анафилактық шок, поллиноздар
  11. цитотоксикалық (БГС)   IgM, IgG Цитотоксикалық антиденелердің корытып шығарылуы--- Антиденетәуел-ді цитолиздің белсендіру   Дәрілік қызыл жег, аутоиммундыгемолитикалық ауру, аутоиммунды тромбоцитопения
  111. иммундыкомплекстік (ЖГС)   IgM, IgG Иммундыкомплекстің шектен тыс пайда болуы. Иммунды комплекстің негізгі мембранаға, эндо- телияға, дәнекерлеу тінге шөгуі. Антиденет- тәуелді жасуша арқылы өтетін цитотоксикалық- тың активтелуі--- Иммунды қабынудың басталынуы   Сарсу ауруы, дәнекерлеу тінінің жүйелік аурулары, Артюс феномені, «малшы өкпесі»
  Vl. жасуша қатынасымен өтетін (БГС)   Т-лимфоциттер Т-лимфоцитті сен-сибилизациялау--- Макрофагты белсендіру---- Иммунды қабынудың басталынуы   Тері–аллергиялық сынама, контакті аллергия, баяу типтес ақуыздық аллергия

Аллергияның жүйелеу тәсілін 1947 жылы Р.Кук ұсынған еді. Ол тәсілдің негізі ретінде аллергияның даму уақыты алынған болатын. Аллергияның екі түрі бөлініп шығарылды: жедел гиперсезіталдық (ЖГС) және бәсең, не баяу гиперсезімталдық (БГС). ЖГС мен БГС сипаттары салыстыру арқылы 16,17,18,19-сызбанұсқада көрсетілген. ЖГС-тың қатарына аллергенмен қайталап кездескенде 20-30 минуттен кейін пайда болатын аллергиялық көрніс, ал БГС-қа 6-8 сағаттан кейін пайда болатын көрністер жатқызылған. ЖГС- пен БГС- тың пайда болу механизімі мен клиникалық көрністері өзгеше. ЖГС иммунитеттің В-тізбегінің демеуі арқылы антидене бөлініп шығарылуымен байланысты. Спецификалық антиденелер, не антигенреактивті В-лимфоциттердің клондарының көмегімен аллергиялық жағдайды ауру адамнан сау ағзаға ауыстыруға болады. Кейбір жағдайларда спецификалық десенсибилизация (бұрма сезімталдықты жою) арқылы аллергияны нәтижелі емдеуге болады. БГС иммунитеттің жасушалық тізбегін демеу арқылы жүреді. БГС-ты аурудан сау адамға ауыстыруға болады, бірақ ол үшін жасушалардың тек қана белгілі тобы керек. БГС-ты спецификалық тәсілмен емдеу нәтижесіз.

Француз ғалымдары Ш.Рише және Ж.Портье 1902-1905 жылдары, Ресей ғалымы Г.Сахаров ЖГС-тың сипатын түсіндірген. Олар ЖГС стереотипті өтетінін және өліммен аяқталатынын көрсеткен еді. ЖГС-тың клиникалық түрі анафилаксия, атопиялық сырқат, сарысу ауруы, Артюс феномені ретінде өтеді. БГС құбылысын 1890 жылдары Р. Кох сипаттаған. Аллергияның бұл түрі тікелей түйісу аллергиясы, тері-аллергиялық сынақтың жауабы, не ақуыздарға бәсең аллергия ретінде жүреді.

1968 жылдары Джелл және Кумбс аллергияның молекулалық механизімін мұқият зерттеп аллергияның жүйелеу тәсілін жаңадан құрды. Сол жүйелеуге сәйкес аллергияның 4 типін ажыратады: анафилактикалық (1-тип),цитотоксикалық (2-тип), иммунды комплекстік (3- тип) және жасуша демеуімен жүретін (4- тип). Бірінші үш типі ЖГС-қа, ал соңғы түрі БГС-қа жатады. ЖГС басталуында IgЕ,IgG,және IgМ антиденелердің, ал БГС-та лимфоидты-макрофагты жауаптың басты рөл атқаратынын көрсетілген.

Аллергияның 1-типіне жауапты факторлар реагиндер деп аталған, тін базофилдері және қан базофилдерімен реакцияға түсуге икем тұратын IgЕ және IgG-лардың биологиялық көрністерімен байланысты. Тін базофилдерімен мен қан базофилдерінің сырт қабығында IgЕ мен IgG-ны байланыстыратын және аллергендердің эпитоптарымен спецификалық өзара байланысқа түскенде ко-фактор ретінде қолданылатын жоғарғы аффинды FcR бар. Аллергеннің рецепторлық комплекспен байланысқаны тін базофилдері мен қан базофилдерінің дәнсіздендіруін тудырып, олардың дәнінің ішіндегі биологиялық белсенді заттарды (гистамин, гепарин т.б.) жасушааралық саңлауға бір дүркін шығаруға демейді. Олардың әрекеті өте шапшаң, қысқа мезгілді және ішектің, бронхының, қуықтың жазық бұлшық етінің жиырылуымен, секреторлық, эндотелиялық тағы басқа жасушалардың бедсенділігі артуына байланысты көптүрлі орган-тінді патофизиологиялық реакциялардан тұрады. Айтылғанның нәтижесінде анафилаксияға тән бронхоспазм, вазодилятация, қабыну және де басқа көрністер дамиды. Бөлініп шыққан цитокиндер иммунитеттің жасушалық тізбегін: Т2–хелперлердің, эозинофилогенездің құрылуын күшейтеді.

Аллергияның 1-типінің жарқын көрнісі анафилактикалық естен тануда байқалады. Аллергияның 1-типі бар адамның қан сарысуын сау адамға құйсақ реагиндер сау адамға ауысып, ол адамда белгілі бір уақыттың арсында сенсибилизация байқалады. Аллергияның диагнозын қою үшін қолданылатын Праустниц-Кюстнер сынамасы осы �